ГлавнаяБлог

5Q Live. Ақмарал Байдлаева: Нәтижелі өмір, энергоресурсты үнемдеу және тайм-менеджмент

Назарыңызға 5Q Live деп аталатын подкастымыздың алғашқы шығарылымын ұсынамыз. Бұл - нәтижелі өмір сүру салтын қалыптастырған, жетістікке жетіп, бақытты өмір сүру жолында жүрген әртүрлі саладағы тұлғалар туралы подкаст. Олардың тәжірибесі, өмірінде қолданатын түрлі тиімді тәсілі кез келген тыңдарманға пайдалы болуы мүмкін. Мұнда біз өмірге қажет дамытуға тиіс бес түрлі интеллект аясында қызық тақырыптарда әңгімелесеміз.

Алғашқы кейіпкеріміз Ақмарал Байдлаева — философ-мәдениеттанушы. Американың Беркли университетінде білім алған, 20 жылдан астам уақытын ғылымға арнаған тұлға. Кейіпкерімізбен интеллект түрлерін қалай дұрыс дамыту қажет екенін, энергоресурсты тиімді пайдалану жолдары, тайм-менеджмент туралы сөз қозғадық.