Асылхан Төлепов (кадр из фильма Финансист)

5-орын – «1+1»

Мен үшін ең үздік бестікті қорытындылайтын «1+1»фильмі. Достық туралы баяндайтын өте әсерлі фильм. Алғаш ретбұл фильмдіөмірлік жан досым,ағаммен бірге көрген болатынмын. Шынайы оқиға желісі бойынша түсірілгенкинодан алған әсерім ерекше, адамға үлкен ой салатын осындайкартиналарды қатты ұнатамын.Фильм өмірдегі құндылықтарды бағалауды үйретеді.

4-орын – «Гладиатор»

Режиссер мен актердың шеберлігіне сөз жоқ! Бұған «Оскардың» бес премиясы дәлел. Осыдан-ақкино тек маған емес, сыншыларға да ұнағанын байқауға болады.Күш, намыс, батылдық, ерлік, махаббат пен еркіндік туралы фильм көптеген эмоцияны тудыратыны анық. Кез келген көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймын. Кино – тамаша тарихи драманың бірі.  

3-орын – «Апокалипсис»

Үздік үштікті «Апокалипсиске» беруге болады. Майя үндістері, бір тайпаның трагедиясы, отбасы үшін отқа түсу сияқты жайттар мені шабыттандыра түсті.

2-орын – «Аватар»

Ең үздік фильмдер арасындағы екінші орын «Аватар»картинасына бұйырды. Фантастикалық фильм…Фантастика! Бұндай жанрды ерекше сүйемін. Мүмкін болашақта маған да осындай картинада бір роль бұйырар. Расында, ғылыми-фантастикалық фильм кино тарихында үлкен жаңалық енгізді.

1-орын – «Жасыл миль»

Ал енді менің сүйікті фильмім, рейтингтің көшін бастап тұрған – «Жасыл миль». Үш сағат болса да, бір емес, бірнеше рет көрдім. Адамды ойға салатын өте терең мағыналы туынды. Фильм өмірлік философияға толы, оқиға желісі түрмеде орын алған. «Жасыл мильді» міндетті түрде көруге кеңес беремін.