ГлавнаяБлог

Балаларға арналған банк карталарының артықшылығы мен кемшілігі

Қазақстанда қазіргі таңда алты банк балалар картасын ашады. Бәрінде карта ашу тегін. Бірақ ол үшін бірнеше шартты орындау қажет. Бүгінгі материалымызда сол шарттарды түсіндірмекпіз.

Кейінгі уақытта Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында банк картасын қолданатындар саны артып келеді. Ата-анасының бақылауындағы карта арқылы аз мөлшерде сауда жасап, керек ақшаны шешіп алуға болады.

Банктер осындай жаңа өнімді нарыққа шығару арқылы өздеріне тұрақты клиенттердің болуын қамтамасыз етеді. Балалар өсіп, банк қызметтерін пайдалануды жалғастырады.

Дегенмен цифрлық қоғам дамыған уақытта кез келген адамда банк картасының бар-жоғы маңызды. Өйткені кейде төлемді міндетті түрде карта арқылы жасауды талап ететін жайттар кездеседі. Оның үстіне картадағы ақшаны оңай бақылап, мобайл қолданбадан қайда және қанша қаржы жұмсағаныңды көруге болады.

Банктер картаның түр-түрін ұсынады. Дегенмен негізгісі — дебеттік және кредит картасы. Дебеттік картада қолданушының ақшасы болса, кредит картасында банктің ақшасы жатады.

Ал балаларға тек дебеттік карта ашуға рұқсат етілген. Әдетте балалар картасы ата-анасының шоты есебінен ашылады.

Әдетте банктер балаларға 5-6 жастан бастап карта ашуға рұқсат етеді. Картаны ашу үшін банкке қажет құжаттарды өткізу керек. Оған баланың туу туралы куәлігі мен негізгі картаның иесі көрсетілген құжаттар қажет.

Балалар картасының артықшылығы:

Балаға банк картасын ашарда білу қажет қауіпсіздік ережелері:

  1. Картаны бөгде адамға беруге не фотоға түсіріп жібермеу керек;
  2. Картада көрсетілген ақпаратты бөгде адамға айтудың қажеті жоқ;
  3. Картаның құпиясөзін тергенде абай болу маңызды. Оны қағазға жазғаннан гөрі есте сақтап алған дұрыс;
  4. Құпиясөзді картаның өзіне жазып не бірге ұстайтын әмиянда сақтамау керек;
  5. Карта жоғалған кезде бірден ата-ананы ескертіп, болған жағдайды айту қажет.

Балалар картасының кемшілігі: