Dala Crafts
Бұл орталықта сурет салуға, қыш құмыра жасауға және каллиграфиямен айналысуға болады. Каллиграфия – бейнелеу өнеріндегі ерекші жанр. Қазақстанда мұны үйрететін орындар да, айналысатын шеберлер де саусақпен санарлық. Ал Dala Crafts – араб каллиграфиясын үйрететін тұңғыш орталық. Ислам дінінде жаратылысты салуға тыйым салынған. Мұсылмандардың көркем өнерге деген құштарлығы жансыз әрі пішінсіз бейнелеу өнерімен шұғылдану арқылы шешім тапты. Араб каллиграфиясы Құран аяттарына деген құрметтен пайда болған.
Бағасы:
- Қыш құмыра жасау – 3490 теңге, жасаған бұйымды әкетер болсаңыз – 5490 тг. Бір айлық курс – 39 900 теңге;
- Сурет салу – 7 000 теңге, бір айлық курс – 20 мың теңге;
- Каллиграфия курсы – 39 900 теңге.
Instagram: @dalacrafts
Art Maiolica
Art Maiolica құмыра жасау мектебінде қолдан сомдау, мүсін жасау, акрилмен және спирт сиямен сурет салу, шыны әшекеймен өрнектеу, эпоксидтен бұйым жасау сабақтары бар.
Керамика дегенде ойға қыштан құмыра жасау ғана келеді. Бірақ бұл мектептің қыш өнері курсында саз балшықтан кесе, тостаған, тәрелке, шыныаяқ, гүл вазалары мен құтылары, бокал, шәйнек, басқа да бұйымдарды, әртүрлі фигураны жасап, қалауыңызша безендіруді үйренесіз. Өз қолыңызбен жасаған ыдыстарды күйдірілген соң үйіңізге әкетіп, күнделікті өмірде қолдана аласыз.
Бағасы:
- Керамика. Балаларға – 3000 теңге, үлкендерге – 5000 теңге;
- Қолдан сомдау. Балаларға – 3000 теңге, үлкендерге – 5000 теңге;
- Мүсін өнері. Балаларға – 4000 теңгеден, үлкендерге – 7000 теңгеден бастап;
- Акрилмен сурет салу. Көлеміне қарай – 5000-20000 теңге аралығында;
- Шыны әшекеймен өрнектеу – 2500 теңге.
- Абонементтер сабақ санына қарай 18 мың теңге мен 55 мың теңге аралығында.
Instagram: @art.maiolica
Art Silk Way
Бұл жерде қыш құмыра жасау мен сурет салу курстары басқалармен салыстырғанда арзан.
Саз балшықпен жұмыс істеу адам жанын тыныштандырады, ашу-ызаны басып, қорқыныш пен үрейден, жағымсыз эмоциялардан арылуға көмектеседі. Адам қолын сазға батырған кезде сыртқы әлемнен оқшауланып, ішкі ресурстарына назар аударады. Саз балшық баланың ойлау қабілеті мен моторикасын дамытып, шыдамдылығын шыңдай түседі.
Бағасы:
- Қыш құмыра жасау – 3 500 теңге, жасаған бұйымды әкетер болсаңыз – 5000 теңге.
- Бір айлық курс – 24 000 тг;
- Сурет салу. 5 жасқа дейін – 2500 теңге, 5 жастан асқандарға – 3900 – 7000 теңге аралығында.
- Бір айлық курс – 22 мың теңге.
Instagram: @art.silkway
Nur Art School
Орталық ұйымадстыратын кез келген мастер-класқа қатыссаңыз, құм терапиясымен тегін айналыса аласыз.
Құм терапиясы немесе құммен емдеу адамды жағымсыз энергиядан, ойлардан тазартады. Құм терапиясы баланы ашуға тез берілуден, жылаудан айықтырады. Баланың ұсақ және ірі қол маторикасын, ойлау, қиял, зейін, есту қабілеттерін дамытады, өнерге баулиды. Адам құммен жұмыс жасаған кезде сөзбен айтып жеткізе алмайтын ішкі ойларын, күйзелісін сыртқа шығара алады. Сол себепті мұнымен үлкен де, кіші де бірдей айналысады.
Бағасы:
- Қыш құмыра жасау – 3 500 теңге, жасаған бұйымды әкетер болсаңыз – 5990 теңге. Бір айлық курс балаларға – 35 мың теңге, үлкендерге – 45 000 теңге;
- Сурет салу – 4990 теңге, бір айлық курс – 29 990 теңге;
- Жастыққа, киімге сурет салу – 7 000 теңге, өзіңізбен әкетер болсаңыз – 10 мың теңге.
Instagram: @nur_artschool
Simple Art
Арт студияда өнердің бірнеше түрімен айналысуға болады. Қағаз бетіне ғана емес, өзіңіз әкелген бұйымға не киімге, мысалы, джинса күртешеңізге, экосөмкеңізге, жастыққа сурет сала аласыз.
Эпоксид шайырмен сурет салу резин-арт деп аталады. Бұрын эпоксид шайыр құрылыс, жөндеу жұмыстарына ғана қолданылған. Бүгінде шығармашылықты сүйетіндер арасында кең танылған. Картина немесе бұйым жасап шығару үшін эпоксид шайыр, бояулар қолданылады. Кішкентай моншақтармен, тастармен, ұлутастармен, құрғақ гүлдермен безендіруге болады. Бағасы:
- Қыш құмыра. Үлкендерге жеке жасау – 7000 теңге, топпен – 5000 теңге. Балаларға жеке – 3500 теңге, топпен – 5 000 теңге;
- Бұйымға жазу. Шыны әшекей – 4000 теңге, акрил – 2500 теңге;
- Акрилмен сурет салу – 5500-8500 теңге;
- Спирт бояу – 6 500- 9500 теңге;
- Майлы бояумен сурет салу – 8500-12 500 теңге;
- Киіз басу – 4000- 7500 теңге;
- Мандала сурет салу – 12 000-15 000 теңге;
- Киімге сурет салу – 3000 теңгеден басталады;
- Эпоксид шайыр (Резин-арт) – 16 мың теңгеден бастап.
Instagram: @simpleart.kz
Ikigai Art & Yoga Space
Йога және шығармашылық студиясында йоганың бірнеше түрімен қатар шығармашылықпен шұғылдануға болады. Арт-терапия сеансында кәсіби маманмен бірге сурет салып, миыңызды сергітесіз.
Ikigai 6-10 жас аралығындағы балаларға арнап жазғы лагерь ұйымдастырады. Лагерьде балалар сурет салу, оригами, керамика сабақтарымен қатар йогамен айналысады.
- Құмыра жасау. Үлкендерге – 7000 теңге, балаларға – 6000 теңге. Абонемент (4 сабақ) үлкендерге – 24 мың теңге, балаларға – 20 мың теңге;
- Керамика. Үлкендерге – 6000 теңге, балаларға – 5000 теңге. Абонемент (4 сабақ) үлкендерге – 20 мың теңге, балаларға – 16 мың теңге;
- Киізден сырға мен сәнді түйреуіш жасау – 6000-7000 теңге, сөмке жасау 13 000-15 000 теңге;
- Арт-терапия сессиясы – 8000 теңге;
- Шәрпі (тюрбан) тігу – 8000 теңге;
- Жазғы лагерь – 35 000 теңге.
Instagram: @ikigaistudioalmaty
Art Day
Арт студияда мастер-кластарға қатысып қана қоймай, студияны жалға алып жақындарыңызбен бірге естен кетпес шығармашылық кешін өткізе аласыз.
Адамдар экология жағынан таза өнімдерді қолдануды үйреніп келеді. Көшеден экосөмке асынған жандарды кездестіру қиын емес. Тіпті пластиктен бас тартып, дүкенге шоппер ұстап, матадан тігілен қалталарын апаратындар бар. Қайталанбайтын, «ешкімде жоқ ерекше экосөмкем болсын» десеңіз, арт студияға келіп қалаған суретті салып, жазу жазып алсаңыз болады.
Бағасы:
- Акрилмен сурет салу, интерьер айнасы, экосөмкеге сурет салу, букет жасау. Жеке – 10 мың теңге, топпен – 8 000 теңге;
- ·Футболкаға сурет салу. Жеке – 8000 теңге, топпен – 6000 теңге;
- Флюид арт. Жеке – 10 мың теңге, топпен – 7 000 теңге;
- Резин арт – 15000-20000 теңге.
Абонементтер:
- 4 сағат – 16 000 теңге;
- 8 сағат – 32 000 теңге;
- 12 сағат – 48 000 теңге.
Абонемент болса, кез келген уақытта стуияның кез келген мастер-класына қатысуға болады.
Байланыс телефоны: + 7 701 431 16 54
Rocks Art Lab
Сурет салып, саздан бұйым жасаймын дегендерге шығармашылық зертхана есігі әрдайым ашық.
Фенмен спирт бояуды арлы-берлі жылжытқанда ғажап суреттер шығатынын білесіз бе? Бұл техникамен сурет салу үшін қабілетіңіздің болуы маңызды емес. Арнайы қағазға немес шыныға бояуды тамызып, фенмен бояуды үрлегенде толқынмен әртүрлі өрнектер пайда болады. Мұны арт-терапияның жаңа түрі деуге болады. Қазақстанда енді-енді танылып келеді.
Бағасы:
- Құм анимациясы. Үлкендерге – 5000 теңге, балаларға – 2500-5000 теңге;
- Саздан бұйым жасау. Үлкендерге – 9000-15000 теңге, балаларға – 8000 теңге;
- Құмыра жасау. Үлкендерге – 14 000 теңге, балаларға – 8000-10000 теңге;
- Сурет салу – 8000-15000 теңге.
Байланыс телефоны: + 7 701 741 10 10
Raphael
10 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан студияда бірнеше жанрда: портрет, пейзаж, натюрморт, иллюстрация салудан сабақтар өтеді. Сурет салу қабілетіңіздің болуы маңызды емес. Мұндағы суретшілер балалар мен үлкендерге ойын арқылы қағаз бетіне бояу арқылы түсіруді, академиялық база мен негіздерін, сурет салу техникасын үйретеді. ЖОО-ға түсу үшін шығармашылық емтихандарына дайындайды.
Бағасы:
- Майлы бояумен сурет салу – 10 мың теңге;
- Акрилмен сурет салу – 8000 теңге.
Абонементтер:
- Балаларға. Бір сабақ – 3500 теңге, 4 сабақ – 12 мың теңге, 8 сабақ – 18 мың теңге, 12 сабақ – 20 900 теңге;
- Жасөспірімдерге. Бір сабақ – 4000 теңге, 4 сабақ – 14 мың теңге, 8 сабақ – 21 мың теңге, 12 сабақ – 23 900 теңге;
- Үлкендерге. Бір сабақ – 5000 теңге, 4 сабақ – 18 мың теңге, 8 сабақ – 24 мың теңге, 12 сабақ – 28 900 теңге.
Бір айлық абонемент алғандар студия кестесіндегі курстарға кез келген уақытта қатыса алады.
Fantasy Room Almaty
Сурет салу мектебінде иллюстрация, скетчинг, каллиграфия және леттеринг курстары бар.
Скетчинг – басыңыздағы идеяны қағаз арқылы тез әрі әдемі жеткізуге көмектесетін дағды. Скетчинге пайдаланатын материал көп. Акварель, тушь, қарандашпен де, маркер, линермен де салуға болады. Бүгінде скетчингті компьютер не планшет арқылы әртүрлі бағдарламада салуға болады.
Скетчинг сурет салуды енді бастағандарға ыңғайлы, өйткені техникасы қарапайым әрі кәсіби суретші дағдыларын қажет етпейді. Әдемі көрініс пен композицияны көре білу, мұқият болу, креатив болу қабілетін арттырады.
Курсқа қатысып арт-терапиямен айналысып қана қоймай, сұранысқа ие скетчинг немесе иллюстрация салатын маманға айналуға мүмкіндігіңіз бар.
Бағасы:
- Резинарт – 15 000-25 000 теңгеден бастап;
- Майлы бояумен сурет салу – 7500 теңге;
8-14 жас аралығындағы балаларға арналған айлық курстар (8 сабақ):
- Акварельмен иллюстрация – 25 мың теңге;
- Fashion иллюстрация – 27 мың теңге;
- Скетчинг – 27 мың теңге;
- Digital иллюстрация – 30 мың теңге;
Үлкендерге арналған айлық курстар:
- Акварельмен портрет салу – 30 мың теңге;
- Digital иллюстрация – 35 мың теңге;
- Заманауи каллиграфия және леттеринг – 30 мың тг;
- Интерьер скетчингі (Ipad) – 35 мың теңге;
- Fashion иллюстрация – 32 мың теңге;
- Акварельмен скетчинг – 25 мың теңге;
- Маркермен скетчинг – 30 мың теңге.
Instagram: @fantasy_room_almaty
Add comment