Сәуідің 30-ы күні өтетін жекпе-жекке дайындалып жүрген Арман Царукян, mma.metaratings.ru сайтына жаңа сұхбат берді: “Мойкано қарсылас ретінде әлдеқайда мықты. Тәжірибесі көп, джиу-джитсу дағдылары, күресі жақсы. Иә, Исмагулов соққы техникасынан мықтылау, бірақ Мойканодың да боксы жаман емес. Мен үшін, Ренато Дамирдан кішкене жоғарылау тұр”.

“Соңғы жекпе-жекте менің әл-ауқатым өте нашар болды,жартылай тірі болдым… Егер мен уланбаған немесе мені уландырмаған болса, екеуін де бір түнде жайрата салар едім. Мен маусым айында осы бизнеске қайта ораламын және қарсыласымды жеңгеннен кейін біз топ-5 немесе топ-10-ға ораламыз”,- деп жауап берді Исмагулов.